Баянауылда 10 киіз үй құрылады

904

Баянауылда 10 киіз үй құрылады

Ұлыстың ұлы күні алғаш рет Баянауыл ауданында бүркітшілер мен домбырашылар шеруі өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Қалышбеков мәлім етті.

"Құсбегілердің легін Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында өткен ХІ республикалық "Қансонар-2017" чемпионатының жеңімпазы Бақытжан Мұқашев пен елімізге белгілі бүркітші Иманзайып Тасыбаев бастайды. Олардың соңынан ерген 50 домбырашы бір мезетте Нұрғиса Тілендиевтің "Ата толғауы" күйін орындайды. Бұл күні жергілікті мекеме-ұйымдардың демеушілігмен 300 литр Наурыз көже мен 100 келі бауырсақ, палау тегін таратылады. Әсіресе, тұрмысы төмен, жетім және аз қамтамасыз етілген отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан басқа, жылдағы дәстүр бойынша ұлттық спорт ойындары мен мерекелік сауда-саттық өтеді", - дейді Талғат Қалышбеков.

Бөлім басшысының айтуынша, білім беру ордалары мен әкімдіктің бөлімдері Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов сынды белгілі жерлестерінің атымен аталатын 10 киіз үй құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу