Баянауылда алтын фабрикасын ашу көзделіп отыр

244

Зауыт ашылғанда 200-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болмақ.

Баянауылда алтын фабрикасын ашу көзделіп отыр Фото: freepik

Кәсіпорын айына шамамен 80 килограм алтын шығарады деп болжанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев хабарлады. Жобаны толық жүзеге асыру, яғни фабриканы іске қосу келер жылға жоспарланған. 

— "Үштаған GOLD" ЖШС алтын кенін өндіру жұмыстарымен айналысуды жоспарлап отыр. Жобаны аталған компания 11,6 миллиард теңгеге жүзеге асыратын болады. Жыл соңына дейін жердің нысаналы мақсаттарын ауыстырып, құжаттармен айналысады. Ал фабрика 2025 жылы қолданысқа енеді, - дейді аудан басшысы.

Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде аталған өңірде 250 жұмыс орны пайда болады. Айына 80 келі алтын өндіріліп, құйма ретінде шығарылады. 

Жалпы келер жылы Баянауыл ауданында жалпы құны 3,7 млрд теңге сомасына екі инвестициялық жоба өміршең етіледі. Оның бірі — түйе фермасы болса, екіншісі суармалы учаске құру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу