Мәлім болғандай, отбасылар Қарағанды облысынан демалуға келген.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 маусым күні сағат 15:52-де Павлодар облысының "112" пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр ауылындағы Торайғыр көлінде ер адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, 14 жастағы қыз бен 9 жасар ұл баланы құтқару кезінде олардың әкелері ( 44 және 36 жаста болған) көз жұмды.
Адамдар жабдықталмаған жерде шомылғаны айтылып отыр. Балалар жедел медициналық жәрдеммен Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары тұрақты.
Екібастұз қаласының құтқарушы-сүңгуірлері ер адамдардың денесін іздеуге сағат 19:00-де кірісіп, сағат 19.39-да судан алып шықты.
"Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушысы, 1 техникасы, 1 жүзу құралы,"102","103" қызметтері жұмылдырылды", – деді департаменттен.