Баянауылда Мырзашоқы тау-шаңғы базасы биыл 5000 туристі қабылдауға дайын

1436

Аймақ басшысы облыс орталығында ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылып отырғанын айтты.

Баянауылда Мырзашоқы тау-шаңғы базасы биыл 5000 туристі қабылдауға дайын

Баянауыл ауданында туризмді дамыту бойынша үлкен жоспар құрылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Мырзашоқы тауының етегінде ұзындығы 960 метр болатын арқанды жол осы қыста бес мың туристі қабылдай алады, – деді  облыс әкімі Болат Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. - Баршаңызды осы нысанда қысқы мерекелер мен жаңа жылдық демалыстарға қатысуға шақырамын.Көптеген жылдар бойы жергілікті тұрғындар мен қажылар қасиетті орын - Мәшһүр Жүсіп кесенесіне жолдың жоқтығына шағымданды. Биылғы жылы бюджет есебінен 90 шақырым жол толық жөндеуден өтті. Келесі жылы "Қоңыр әулие" үңгіріне баратын туристік аймаққа тағы бір жолды жөндейміз. Баянауыл ауылында туристерге қолайлы болу үшін ұшу-қону жолағы және екі тікұшақ алаңы бар шағын авиация әуеайлағы салынды. Сонымен қатар демалыс аймағында су құбырының құрылысы аяқталуда. Жасыбай көліне дейін электр беру желісінің құрылысы жүргізілуде".

Бұдан басқа, аймақ басшысы облыс орталығында ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылып отырғанына тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу