Баянауылда өрттен 8 жасар бала көз жұмды

354

Оқиға өткен түнде болған.

Баянауылда өрттен 8 жасар бала көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысы Баянауыл ауданында жеке тұрғын үй өртенді. 2015 жылғы ер бала өрттен құтқарылғанымен, ауруханаға апара жатқанда көз жұмған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға өткен түнде болған.

"10 қаңтар күні сағат 02:58-де Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде 5 бөлмелі газоблокты үйде шатырдың ағаш бөліктері, үй заттары мен жиһаз жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің көлемі – 180 шаршы метр. Өрт сағат 6:25 минутта сөндірілді", - делінген хабарламада.

Оқиға кезінде үйде 6 адам болған. Ерлі-зайыптылар, омыраудағы сәби, әжесі үйден өз бетімен шыққан. Іште қалып қойған екі баланы құтқаруға үй иесінің көрші тұратын ағасы ұмтылған. Алайда өрт өрши түскені себепті оны және үйде қалып қойған 2013 жылғы қыз баланы учаскелік полицей мен көршісі алып шыққан.

Ал жергілікті өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жанып жатқан үйден 2015 жылғы ер баланы құтқарды. Өкінішке қарай, жасөспірім ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу