Баянауылда отбасынан айырылған екі қызға пәтер берілді

732

Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында иіс тиіп, бір отбасының төрт адамы – ерлі-зайыпты мен олардың екі баласы қаза тапқан еді. 

Баянауылда отбасынан айырылған екі қызға пәтер берілді

Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов көмек ретінде қайтыс болған отбасының соңында қалған екі қыз балаға аудан орталығынан бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Ризагүл Омашева мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінің I және II курста "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығына оқитын студенттер Айжан Бекбатырова және Рымжан Бекбатырова колледж тарапынан үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, негізгі шәкіртақы сомасына 30% үстемақы төленеді, қысқы және жазғы демалыстарда жол жүру өтемақысы, тегін жатақханада тұру мүмкіндігі түрінде әлеуметтік көмек қарастырылған. Педагогтар тарапынан психологиялық  демеу көрсетіледі", – дейді Ризагүл Омашева.

Әкімдік тарапынан ұсынылған бір бөлмелі пәтер қажетті жиһаздармен жабдықталған. Бұдан басқа, жастар орталығының ұйымдастыруымен қайтыс болған отбасының туыстарына көмек көрсету үшін арнайы "Қамқорлық" ҚҚ ашқан есепшотқа мекемелер мен мейірімді жандардан 200 мың теңгеден астам қаржы түскен. Бұл қаржы екі білім алушының атына ашылған депозиттік есепшотта сақталады. Алдағы уақытта білім беру бөлімі қосымша қаржылай қолдау көрсетуге ниет білдірген.

Еске сала кетейік, Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында ысты газдан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам – ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапты. Ер адам Қарағанды облысы Осакаров ауданының тұрғыны. Шұбаркөл разрезінде вахталық әдіспен жұмыс істеген. Жүктіліктің жетінші аптасында көз жұмған Наталья Бекбатырованың екі қызы қайғылы оқиға орын алған күні Баянауыл ауылында оқуда болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу