Баянауылда салынып жатқан жаңа аэродром сынақтан өтті

814

Баянауылда салынып жатқан жаңа аэродром сынақтан өтті

Сарапшылардың айтуынша, ұшу алаңы кез келген жеңіл авиацияны қабылдай алады, деп хабарлайды 24.kz.

Екі кісілік FK14 Polaris әуе кемесінің командирі Валерий Сибагатулин: "ұшу алаңының сапасы жаман емес", - деген баға берді.

"Алаңға екі, үш, төрт және алты орындық жеңіл ұшақтар ұшып-қона алады", - дейді Қарағанды авиациялық оқу-жаттығу орталығының емтихан қабылдаушысы және тәжірибелі пилот, нұсқаушы Валерий Сибагатулин. Ол өзі еңбек етіп жатқан орталық Баянауылға ұшатын шағын ұшақтарды басқаруға мамандар дайындауға әзір екенін де жеткізді.

Аэродром толық салынып біткен жоқ. Қазір абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың шілде айында қолданысқа берілмек. Астана, Қарағанды, Павлодардан әуе қатынасы ашылады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу