Шектеулер маусымның ортасынан кейін алынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 31 мамырдан 15 маусым аралығында адам денсаулығы мен малдарға және су көздеріне өте қауіпті пестицидтермен химиялық өңдеу жүргізіледі, деп жазды @Pavlodarnews.kz.
Атап айтқанда, Баянауыл, Ақсан, Торайғыр ауылдық округтері аймағына шекаралас Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында, Жасыбай бөлімшелері, Ұңғыма, Көшет, Тікұшақ тұрағы, Жамбақы, Кемпіртас, Айманбұлақ, телімдерінде 300 гектар аумағында үйірлі шегірткеге, 560 гектар жерде саяқ шегірткелерге қарсы өңделеді.