Жалынды ауыздықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Желтау ауылынан 25 шақырым жердегі Жұмат Шанин ауылына қауіп төніп тұрған жоқ. Күркелі ауылдық округінің орталығында 503 адам тұрады.
Өрт болып жатқан Желтау бөлімшесі Жұмат Шанинға 25 шақырымдай жерде орналасқан. Әуел баста желдің бағытына байланысты қауіп жоқ делінген. Алайда таңертеңгілік желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауып, өрт екпіні үдей түскен.
Салдарынан қызыл жалын Күркелі ауылдық округінің аумағына кіріп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу