Баянауылда жыл сайын 200 мыңға жуық туристер демалады

1696

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің туристік тартымдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

 Баянауылда жыл сайын 200 мыңға жуық туристер демалады

Баянауыл курорттық аймағы Туристік картаның басымдықты жобаларының үздік ондығына енгізілді. Соңғы 2 жылдың ішінде курорттық аймақты дамытуға 20 миллиард теңгеге  жуық қаржы құйылған, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің жағажайлары абаттандырылды, автожолдар жөндеуден өтті, ұзындығы 1200 метр ұшу-қону жолағы бар кіші авиация аэродромы және 2 вертолет алаңы салынды. Баянауыл ауылында су құбырын тарту жұмыстары аяқталып жатыр. Келесі жылы Жасыбай көліне дейін электр сымдары желісін, сумен қамту құбырларын тарту жұмыстары жоспарланып отыр", -  деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Айта кетсек, қазіргі кезде Баянауылда жыл сайын 200 мыңға жуық туристер демалады. Баянауылда жыл бойына демалу үшін Мырзашоқы тауының беткейінде тау-шаңғы кешені іске қосылмақ. Ал қазіргі таңда ұзындығы бір километр арқан  жолы  жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу