Баянауылдағы көлдерге алғаш рет ақ амур жіберіледі

Олар көлдегі қамысты азайту үшін керек.

Баянауылдағы көлдерге алғаш рет ақ амур жіберіледі Фото: www.kalake.ee

Павлодар облысындағы Баянауыл ауданы – туристер көптеп келетін аймақ. Алайда мұндағы Торайғыр және Сабындыкөл қамыстарға толып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жағдайды реттеу үшін жергілікті билік бірінші рет аталған көлдерге ақ амур балығын босатпақ. Сөйтіп, су айдындары тазартылады.

"Торайғыр көліне салмағы 100 граммға дейін болатын 10 мың ақ амур, Сабындыкөлге 38,6 мың данасы жіберіледі. Балықтың дәл осы түрінің таңдалуы тегін емес. Ғылыми ұйымдардың ұсынысы бойынша, ақ амур қатты өсімдіктермен қоректенетін болғандықтан, қамыстың санын айтарлықтай азайтады", – дейді Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Жұмашев.

Айтуынша, бұдан басқа балықтар зардап шекпейді. Мәселен, аталған көлдердегі тұқы балығы тек жұмсақ балдырларды жейді. Яғни, ақ амурмен бір азыққа таласпайды. Ал, амурдың өзі көлдерде көбейе алмайды. Олар өз қызметін атқарып, қамыс саны азайған соң тұрғындар балықты қармақпен аулай алады.

Жалпы, биыл облыстың су айдындарына барлығы 51 мың балық түрі жіберілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу