Баянауылдағы өрт 50 гектар аумақты шарпыған

825

Өртті сөндіруге Өскемен қаласынан МИ-8 "Қазавиаорманқорғау" тікұшағы және Көкшетау қаласынан ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-26 тікұшағы жұмылдырылды. 

Баянауылдағы өрт 50 гектар аумақты шарпыған

Баянауылда өрт шарпыған аумақта кеше, 17 шілде күні қатты дауылдың кесірінен өрт қайта күшіне мінген. Бұл туралы агенттікке Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ТЖ бойынша бас инспекторы Саят Қабдиев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Өрт № № 73, 87, 63 учаскелерде шамамен 50 гектардан астам жерді қамтыған, 82 адам мен 30 шақты техника жұмыс істеп жатыр. Оның 11-і –  өрт сөндіру техникасы. Жағдай бақылауға алынған. Айтарлықтай үлкен ошақтар жоқ. Тұтанған жерлерді сумен сөндіріп жатырмыз. Таңертең қатты жел болды. Қазір тынышталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елдімекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше екі тікұшақпен түске дейін жұмыс істесе, бүгін сыйымдылығы 2,5 текше еврокоптермен ашық аумақтарға бақылау жүргізілуде және жердегі техникалармен ашық жерлерге су құюда",– дейді Саят Қабдиев.

Павлодар облысы ТЖ департаментінің ақпаратына сүйенсек, 16-17 шілдеде жағдайды мониторингілеу мақсатында МИ-2 тікұшағы өрт орнын әуеден барлаған. Өскемен қаласынан МИ-8 "Қазавиаорманқорғау" тікұшағы және Көкшетау қаласынан ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-26 тікұшағы су төгу құрылғылары жұмылдырылды. Оқиға орнында барлығы 100-ден астам адам мен 30 шақты техника және 3 тікұшақ жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, аудан орталығынан он шақырым жерде тоғыз гектардан астам аумақ отқа оранған. Бұл таулы-орманды жерлер. Павлодар облысының әкімі қатты желге байланысты таулы аймақтан өрт шығуы ерекше жағдай екенін атап өтіп, өртті толық сөндіргенше және ауа температурасы түскенге дейін тәулік бойы кезекшілік жүргізуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу