"Баянкөл" шекара бөлімінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді

1044

Асқар Мамин арнайы қаулыға қол қойды. 

"Баянкөл" шекара бөлімінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді

Алматы облысы Райымбек ауданындағы "Баянкөл" шекара бөлімінің атауы Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған тиісті қаулы "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық -құқықтық жүйесінің сайтында орналастырылған.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы "Баянкөл" шекара бөлімін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемелерінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы атауына өзгертілді", ​​- деп жазылған үкіметтің қаулысында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу