Атап айтқанда: станцияға жанармай құюға арналған отын, экипажға арналған азық-түлік, ауыз су, санитарлық-гигиеналық құралдар және ішкі атмосфераны сақтауға арналған оттегі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ ашық ғарышқа шығуға арналған жаңа "Орлан МКС" скафандры да жіберілді. Ғарыш айлағынан "Прогресс МС-34" жүк кемесі тиелген "Союз-2.1а" зымыраны Халықаралық ғарыш станциясымен 28 сәуір күні сағат 05:01-де түйіседі деп жоспарланған.
Бұдан өзге орбитаға "Нейроиммунитет" (стрестің иммундық және жүйке жүйесіне әсері), "Коррекция" (ғарышта сүйек массасының жоғалуы), "Биодеградация" (микроорганизмдердің материалдарға әсері) және "Сепарация" (суды регенерациялау жүйелерін жақсарту) тәжірибе жасау тапсырмалары жіберіліп отыр.