Бәз біреулер Олег Тиньковтың Италиядағы вилласын тонады

498

Белгісіз адамдар итальяндық Форт-Дэй-Марми қаласындағы ресейлік кәсіпкер Олег Тиньковтың вилласын тонады.

Бәз біреулер Олег Тиньковтың Италиядағы вилласын тонады Фото: ichef.bbci.co.uk

Бұл туралы inbusiness.kz Adnkronos сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ ақпаратына сәйкес, үш адам күзет жүйесін бұзып, бос үйдің аумағына кіріп, екі сейфті ашқан. Миллиардердің үйінен жүздеген мың еуроға зергерлік бұйымдар, сөмкелер мен сағаттар шығарылды. Тиньковтың өзі қазір отбасымен бірге Мексикада жүр.

Adnkronos қылмыскерлердің "жұмысының" жоғары деңгейін атап өтті. Ұрлық туралы таңертең вилла ішіндегі заттардың төңкеріліп, кейбір жиһаздың зақымданғанын байқаған күзетші хабарлады.

Сонымен қатар, "Ресейден келген 54 жастағы миллиардерге" тиесілі Форт-Дэй Мармидегі басқа үй де тонауға ұшырады. Вилланы жалға алған Украина азаматтары бұзу кезінде үйде болған. Қарақшылар таңғы сағат 4.30-да ішке кіріп, олар оянғандықтан ойларын іске асыра алмай, қашып кеткен.

Жергілікті полиция қос ұрлықты тергеуді бастады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу