Базалық зейнетақы тағайындаудың тәртібі өзгереді

798

Базалық зейнетақы тағайындаудың тәртібі өзгереді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

"Еліміздің алдында бірінші кезекте тұрған міндеттердің бірі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мен әлемдік стандарттарға қол жеткізу, зейнетақы жүйесін дамыту арқылы олардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылады. Конституциядағы кепілдіктерді жүзеге асыруды ескерсек, әлеуметтік қамсыздандыру саласында зейнетақы жүйесі ерекше орын алады", - деді ол.

Вице-министр айтып өткендей, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне қарамастан, мемлекет халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және қолдау үшін алға қойған міндеттерді жүйелі  түрде орындап отыр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында зейнеткерлік жаста лайықты өмір сүру үшін зейнетақы төлемдерінің барлығын қамтамасыз етуге бағытталған ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды", - деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ тұжырымдамада зейнетақы төлемдерінің  мөлшері инфляция деңгейінен  2 %-ға өсіп, оның көлемін жыл сайын арттыру көзделген.

"2018 жылы 1 қаңтардан бастап  инфляция деңгейінің  6% болғанын есепке ала отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері  8%-ға артты. Базалық зейнетақы мөлшері 6%-ға жоғарылап, оның мөлшері 15274 теңге болды. Зейнеткерлер арасында кедейліктің алдын алу және азаматтардың жұмысқа қабілетті шағында экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында тұжырымдаманы одан әрі іске асыру жалғасады", - деді С.Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу