Енді базалық зейнетақы азаматтың жұмыс өтілі мен жүйеге қатысу мерзіміне қатысты тағайындалады, деп хабарлайды Atameken Business.
Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша мұндай өзгеріс 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады. Ол үшін қосымша құжат әкелудің қажеті жоқ. Әрбір зейнеткердің зейнетақасы автоматты түрде есептеледі.
Жалпы 20 жыл жұмыс өтілі мен 20 жыл зейнетақы жүйесіне қатысқан азамат 100 пайыз ақшасын алады. Егер еңбек өтілі ғана 10 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын, яғни 15 мың 274 теңге төленеді. 10 жылдан кейін әрбір жылға 2 пайыз қосылып отырады. Ал 33 жылдық еңбек өтілі бар адам 100 пайыз ала алады.
Айта кетейік, бүгінде базалық зейнетақы 2 млн-нан астам азаматқа беріліп отыр.
"Өзін өзі қамтыған азаматтар, зейнетақы жүйесіне қатыспаған азаматтардың зейнетақасы сол еңбек өтіліне сәйкес саналады. Зейнетақы жүйеге жарналарды аудармаса, дерекқорларда ол туралы мәлімет болмаса, жаңағы азаматтарға 54 пайыз қабылданады",- дейді Светлана Жақыпова.