Базарбай Нұрбаев – геология саласында қорды 20-50 жылға алдын ала жоспарлап отыру қажет

876

Базарбай Нұрбаев – геология саласында қорды 20-50 жылға алдын ала жоспарлап отыру қажет

ҚР Инвестиция және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрбаевтың айтуынша, бүгінде еліміздегі қазба байлықтарының қоры жеткілікті. Дегенмен, негізгі металдар бойынша геологиялық зерттеуді 20-50 жыл бұрын жасап қойған жөн, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қазақстанның қазба байлықтары таусылып келеді деген мәселе кейде көтеріліп те жатады ғой. Бірақ қазіргі кезде қорда тұрған пайдалы қазбаларымыз жеткілікті. Сол қорлар басымды бағыттар бойынша бөлінеді. Ол үшін арнайы индикатор бар. Соның ішінде ең басты пайдалы қазбалар деп, алтынды, күміс пен түсті металдарды қойғанбыз. Өйткені елімізде осы металдарды өндіріп жатқан ірі кәсіпорындар бар. Мысалы, Жезқазғанда үлкен комбинат бар. Оны бәрі біледі. Ел бар, xалық бар, үлкен қала бар деген сияқты. Оның да өзінің қорлары таусылып келе жатыр. Сондықтан да біз көп жұмыстың бәрін осы Жезқазғанның айналасында қойдық. Зырян, Рудный бар. Жалпы, моноқалалардың айналасында көбірек зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Себебі геология саласында қорды 20-50 жылға алдын ала жоспарлап отырмаса, өте кеш болады", – деді Б.Нұрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Комитеттің мәліметіне сәйкес, Тәуелсіздік жылдары ішінде 119 мұнай-газ кені, 94 – алтын, 19 – марганец, 14 – мыс, 16 темір және басқа да кен орындары ашылып, мемлекеттік балансқа қойылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу