Базарда атып алынған малдың етін сатқан қылмыстық топ ұсталды

1539

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Базарда атып алынған малдың етін сатқан қылмыстық топ ұсталды

Оның сөзінше, қылмыстық топ Ақмола облысының аумағында жайылып жүрген малдарды атып, етін Нұр-Сұлтан қаласының базарларында сатқан. 

"Қылмыстық топ ұсталды. Олар тиісті жазасын алады", – деді ресми өкіл. 

Нұрділдә Ораздың айтуынша, Павлодар облысында 15 адамнан құралған қылмыстық топ анықталып, олардың 18 рет мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. 

"Қаскүнемдер аптасына бір рет шаруа қожалығынан 1-2 бастан ірі қара малды ұрлап, демалыс күндері Екібастұз қаласында ет өткізген", – деді ресми өкіл. 

Нұрділдә Ораз малды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін айтты. 

"Малды қараусыз қалдырмау қажет. Мал иесі, әкімдік және бақташы арасында үшжақты шарт жасалуға тиіс. GPS-трекерлерді орната отырып, асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолдану керек. Малды таңбалау және бирка салу міндетті екенін естен шығармаған дұрыс. Бұл малды іздеуге және мал иелерінің дауларын шешуге көмектеседі", – деді ресми өкіл. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу