Базарлар мен сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу тәртібі өзгерді

1782

Бұған дейін елдегі төтенше жағдайға байланысты халық көп жиналатын сауда орталықтары жабылған болатын. 

Базарлар мен сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу тәртібі өзгерді

Сауда және интеграция мен Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін  белгіленген тәртіпке өзгерістер енгізді.

 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезіңде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымды бекіту туралы" бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылдады. Өзгерістерге сәйкес, 2000 шаршы метрден кем емес ірі сауда объектілер: сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттар, сауда үйлер, азық-түлік базарлар санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып, жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеп барлық функцияны толық орындаумен жұмыс істейді", – деп жазылған Сауда және интеграция министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар сауда орталықтарының ішінде орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды және азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып,  қалыпты қарапайым режимде жұмыс істейді.

Ал азық-түліктен басқа тауарлар сататын базарлардың жұмыс уақыты сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеліп, санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді. Сондай-ақ, минимаркеттер, үй жанындағы дүкендер қалыпты режимде санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып тұтынушыларға қызмет көрсетуін жалғастырады.

Бұл ретте министрлік қоғамдық тамақтану объектілері қызметі шектелетінін хабарлады.

"Сауда объектілерінің аумағында орналасқан тамақтану объектілері тағамдарды, сусындарды және басқаларды тұтынушыға өздері жеткізу қызметінің немесе өзге де жеткізу қызметтерінің көмегімен жүзеге асыра алады. Сауда объектілерінің аумағынан тыс орналасқан сауда объектілерінің жұмыс уақыты 22.00 сағатқа дейін шектелді. Ал келушілердің саны бір мезгілде 50 адамнан аспайды. Сауда орталықтары мен базарларды ашу туралы шешім сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін азаматтарымыздың көп санын жұмыс орындарымен және кірістермен қамтамасыз етудің маңыздылығына сүйене отырып қабылданды", – деп жазылған Сауда және интеграция министрлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ министрлік  барлық кәсіпкерге санитарлық және дезинфекция шараларын күшейту жөніндегі бас дәрігердің барлық талапты орындаудың маңыздылығын назарға алуды ескертті.

Осы бұйрықта жазылған ұсыныстар орындалмаған жағдайда тиісті өңірдің санитарлық дәрігері объектілердің қызметін тоқтата тұруға дейін шаралар қолдануы мүмкін. Әрі бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылады. Алайда тиісті аумақтың әкімінің шешімімен және тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен короновирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отыра, объектілердің қызметін тоқтата тұруға дейін қосымша шектеу іс-шаралар қабылдануы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу