Баж және өзге де салықтарды төлеу мерзімі бір айға ұзартылды

1044

Баж және өзге де салықтарды төлеу мерзімі бір айға ұзартылды

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі аясында кәсіпкерлер кедендік баж салығын бөліп төлей алады. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жалитов мәлімдеді.

"Баж және өзге де салықтарды кәсіпкерлер бөліп төлей алады. Бұрынғы заңнама бойынша, кедендік төлемдерді төлеуде тек жанама салықтарды бөліп төлеуге болатын еді", - деп атап өтті Арман Жалитов.

ЕАЭО кедендік кодексі күшіне енгеннен кейін, кәсіпкерлер тауарды шекарадан өткізу кезінде алынатын кедендік баж салығын төлеу мерзімін бір айға дейін соза алады.

"Алты айға дейін созу тек шектеулі жағдайларда ғана болады. Яғни табиғи, технологиялық апаттарды жою үшін тауарларды тасымалдау кезінде. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру кешіктіру оқиғалары да ескерілген", - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу