Британиялық BBC World телекомпаниясы мамыр айында көрермендерге Қазақстанның ірі стратегиялық инфрақұрылымдық жобалары – "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы және Құрғақ порты туралы деректі фильм көрсетеді, деп хабарлайды "Қорғас" ШЫХО" АҚ баспасөз қызметі.
Түсірілім тобы бір апта бойы Алматы облысы Панфилов ауданындағы ірі құрылыс туралы материал жинақтады. Енді шөлді жерде крандар көтеріліп, ричстакерлер (контейнермен жұмыс істейтін жүк тиегіштер) жүріп тұрады. Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері келіссөз жүргізіп, мыңдаған туристер тауар сатып алып, тауарлық пойыздар өтіп жатыр.
"Бұл фильмде Жаңа Жібек жолындағы құрылысты ғана емес, Қорғастың тіршілігін көрсеткіміз келеді. Сондықтан адамдардың өмірі туралы, мұндағы өзгерістердің олардың өміріне қалай әсер еткенін естігіміз келеді", – дейді жоба жетекшісі Крис Вест.