"Беби-бум": Қазақстанда туу көрсеткіші кейінгі жылдардағы ең жоғары деңгейге жетті

1152

Елде осы жылдың бірінші тоқсанында 100,5 мың сәби дүние есігін ашты. Бұл – соңғы жылдардағы тиісті кезеңдермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

"Беби-бум": Қазақстанда туу көрсеткіші кейінгі жылдардағы ең жоғары деңгейге жетті

Айта кетерлігі, 100,5 мың сәби – өткен жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 8,4% артық. Салыстырып қарар болсақ, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 92,7 мың сәби өмірге келген болатын. Ал 2020 жылдың осы көрсеткіші 2019 жылғы көрсеткіштен бар-жоғы 0,8% артық еді (2019 жылдың бірінші тоқсанында – 91,9 мың сәби). 

"Жалпы елдегі "беби-бум" үрдісі қатарынан үшінші тоқсан жалғасып келе жатқанын атап өту керек. 2020 жылдың үшінші тоқсанында елде 116,7 мың сәби өмірге келген. Бұл – бір жыл бұрынғы тиісті кезеңінің көрсеткішінен 8,4% артық. Мұндай үрдіс 2020 жылдың төртінші тоқсанында да жалғасып, 111,7 мың сәби өмір есігін ашты (+9,5%)", - делінген зерттеуде.

Жалпы 2020 жылы елде 425 мың сәби туған. Бұл – 2019 жылғы көрсеткіштен 6 пайызға артық. Қазақстан халқының саны осы жылдың алғашқы тоқсанында 18,94 млн адамға жетті.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу