Bed tax: Енді шетелдік туристер жарна төлемейді

398

Туризм және спорт министрі шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына тиісті өзгерістер әзірледі.

Bed tax: Енді шетелдік туристер жарна төлемейді Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда шетелдік туристерден алынатын Bed tax салығы жойылады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка қолданылады", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасында.

Бұдан бөлек орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұлғайған жағдайда, сондай-ақ олардан толық емес күні үшін алынатын туристік жарна туралы тармақтар алынып тасталмақ.

Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес, орналастыру орындарындағы туристік жарнаға айлық есептік көрсеткіштің 0,2-ден 0,5-ке дейінгі мөлшерінде белгіленген ставкалар қолданылады.

Құжатты жария талқылау 6 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кету керек, шетелдік туристен алынатын Bed tax салығы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу