Beeline Қазақстан жобасы АmCham нұсқасы бойынша 2022 жылғы үздік әлеуметтік жоба деп танылды

557

Beeline Қазақстан "AmCham-ға мүше компанияның қоғам өмірін жақсартуға қосқан үздік корпоративті үлесі" үшін осы құрметке ие болды. 

Beeline Қазақстан жобасы АmCham нұсқасы бойынша 2022 жылғы үздік әлеуметтік жоба деп танылды Фото: Beeline

 "Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) жыл сайынғы сыйлығының "Қоғамды дамытуға арналған үздік жоба" номинациясын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі 27 мамырда өтті.

AmCham Awards дәстүрлі түрде Америка сауда палатасына мүше компаниялардың маңызды жетістіктерін көрсету үшін өткізіледі.

"Ауыл балаларына сапалы білім беру және дамытуда тең мүмкіндіктер беру - біздің жобаның мақсаты. Ол ең алдымен біздің ірі серіктестеріміздің: "Қазақстан халқына" қорының, Білім беруді тұрақты дамыту қорының, "Aitas" холдингінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арқасында іске асырылды және табысты дамуда. Бұл жеңіс - бизнес-қауымдастық тарапынан осындай қоғамдық қызметті мойындаудың нышаны. AmCham нұсқасы бойынша жеңімпаздар тізімінде болу әрбір ұйым үшін үлкен мәртебе, және біз өткен жылдардағы құрметті жеңімпаздармен бір қатарда тұрғанымызға қуаныштымыз", - деп Beeline Қазақстан СЕО-сы Евгений Настрадин пікір білдірді.

"2019 жылы біз қала мен ауыл арасындағы білім алшақтығын қысқарту мақсатында және басқа да бастамаларымызбен бірге НЗМ-мен бірлесіп бес ауылдық мектепте арнайы жобаны іске қостық. Біз оны тиімді жүзеге асыра алдық, бұл - жобаны тағы бір үлкен бағдарлама – "Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" шеңберінде кеңейтуге алып келді. Бастамамыз республикалық деңгейдегі тұрақты жобаға айналғанына және бірқатар қатысушыларды, соның ішінде "Қазақстан халқына" қорын және Beeline компаниясын тартқанына қуаныштымыз", - дейді AITAS холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаев.

Жобаны жүзеге асыруға Beeline 2 миллиард теңге бөлді, оған еліміздің әртүрлі өңіріндегі 8 ауылдың мектебі жаңартылды. Бұл мектептердің кабинеттеріне жаңа парталар, сынбайтын орындықтар, интерактивті тақталар, компьютерлер беріліп, мектепте — STEM-кабинеттер, арт- және телестудиялар, даму аймақтары, шеберханалар, жаңа спорт залдар, асханалар ашылып, кітапханалар жаңартылды. Мұғалімдер НЗМ оқытушыларынан білім алады, мектеп бағдарламаларын жетілдіреді және басқа ауылдардағы әріптестеріне білім береді.

  • білім алудың жаңа мүмкіндігіне 4656 бала қол жеткізді
  • 280 оқу кабинеті жаңартылды
  • 1 оқушыға жұмсалған орташа шығын 329 мың теңге.  

AmCham (the American Chamber of Commerce in Kazakhstan) — АҚШ, Еуропа және Азиядағы ірі компаниялардың мүдделерін білдіретін Қазақстандағы жетекші шетелдік бизнес-қауымдастық. Қауымдастыққа мүше компаниялар мен мемлекет арасында әріптестік диалог құра отырып, AmCham Қазақстан мен халықаралық қоғамдастық арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуын қолдайды, сондай-ақ компаниялардың кәсіпкерлік және инвестициялық қызметіне жағдай жасайды

AmCham Awards жыл сайын өтеді. Марапаттар "Жыл басшысы", "Әйелдер көшбасшылығы үшін", "табысты кәсіпкерлік", "Инновациялар саласындағы жетістіктер", "Қоршаған орта және қауіпсіздік үшін", "Денсаулық сақтау үшін", "Оқытудың инновациялық бағдарламасы", "Қазақстандық мәдениетті қолдау" санаттары бойынша жеңімпаздарға беріледі.

Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, "Veon" халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу