Beeline өз абоненттеріне ескерту жасады

875

Абоненттік нөмірдің кімнің атына тіркелгенін *835# командасының көмегімен білуге болады.

Beeline өз абоненттеріне ескерту жасады

Beeline өз абоненттерін тіркеуден өтуге шақырады. Отандық заңнамаға сәйкес, байланыс операторы бұдан былай мәліметтер базасына енгізілмеген абоненттік құрылғыға қызмет көрсетпейді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Компанияның мәлімдеуінше, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы тіркелмеген болса, сондай-ақ, енгізілген мәлімет сәйкес болмаса да, ондай абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Ұялы байланысты тек тіркеуден өткен абоненттер ғана пайдалана алады. Яғни, Beeline SIM-картасын қолданатын құрылғылар өз иелерінің атына тіркелуге тиіс.

Тіркеуден өтпеген абоненттер жуық арада бұғатталады екен.

Абоненттік нөмірдің кімнің атына тіркелгенін *835# командасының көмегімен білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу