Beeline, Tele2, Kcell интернеттегі ақауларға қатысты түсініктеме берді

778

Қазақстандықтар интернет жұмысындағы ақауларға шағымданған. 

Beeline, Tele2, Kcell интернеттегі ақауларға қатысты түсініктеме берді

Beeline, Tele2, Kcell интернеттегі ақауларға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Inbusiness.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

“Проблема барлық операторлардың желілерінде орын алды, ал операторлардың желілері қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл жаһандық деңгейдегі мәселе және операторлар тарапынан туындаған жоқ”, - деп хабарлады Tele2 баспасөз қызметі.

Beeline, Kcell баспасөз қызметтері де барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығын мәлімдеді.

Ақпаратта айтылғандай, Интернеттегі ақауларға қатысты Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен қалалары мен Павлодар облыстарының бірқатар тұрғыны шағымданған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу