Бейбарыс Сұлтан туралы энциклопедия шығару жоспарда бар

495

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бейбарыс Сұлтан туралы энциклопедия шығару жоспарда бар Фото: twesco.org

"Бүгін Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған халықаралық конференция аясында "Байбарыс араб және түрік сұлтаны" деген үлкен кітаптың тұсаукесері өтеді. Бұны Бейбарыстануға қосылған үлкен үлес деп ойлаймын. Болашақта Бейбарыс және мәмлүк мұрасына қатысты үлкен энциклопедия шығару ойымызда бар. Бүгінгі халықаралық конференциядағы барлық айтылған пікірлерді, жазбаларды жинақтауды да жоспарлаймыз. Оны түрлі тілдерде шығару да ойымызда бар. Сондықтан да, Бейбарыстың 800 жылдығы Бейбарыстану үшін жаңа белес болмақ", - деді министр.

Оның айтуынша, конференция аясында тұсауы кесілетін кітапты Мехмет Түтінші деген белгілі түрік ғалымы жазып, еуропалық Бейбарыстанушылар да үлес қосқан. Сирия, Иордания, Палестина мен басқа да елдердегі Бейбарыс сұлтанға қатысты жазбалар, мұралар жинақталған.

"Осы мұралар түсінікті тілмен басылып шықты. Болашақта қазақ тілінде де шығатын болады. Әрине, Бейбарыстың туған жерін, өскен ортасына қатысты тың деректер де баршылық. Сұлтанның салдырған ғимараттары да, қалдырған мұралары да мол. Бейбарыс Мысыр елінде ғана емес, Сирияда, Құдыста, Таяу Шығыста өте көп мұра қалдырған. Сондықтан да, оны "Екі құбыланың қызметшісі", яғни Мекке мен Құдыстың қызметшісі деп атаған. Дәуіт пайғамдардың кешендерін жөндеген. Көптеген пайғамбар, сахабалардың бейіттерін қалпына келтіріп, мешіттер, медреселер салған. Солардың барлығында да барыстың суреті мен Бейбарыс туралы мәліметтер қалдырылған", - деді Дархан Қыдырәлі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу