Бейбіт Атамқұлов Сооронбай Жээнбековтің қабылдауында болды

908

ҚР СІМ басшысы мен Қырғызстан президенті ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Бейбіт Атамқұлов Сооронбай Жээнбековтің қабылдауында болды

ҚР сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің қабылдауында болды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар 2020 жылға қарай екіжақты сауданы 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі мемлекет басшылары қойған міндеттерді іске асыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Осы тұрғыда Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық кеңесінің тиімді жұмысы атап өтілді.

Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Қырғызстанның сыртқы саясатындағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылатынын, сондай-ақ қырғыз тарапы барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қазақстан мен Қырғызстанға экономикалық өңірлік кооперацияны дамыту және екіжақты сауда айналымын ұлғайту бойынша жаңа жолдарын қарастыру қажет.

Кездесу барысында халықаралық құрылымдар мен қауымдастықтардың, атап айтқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан Қырғызстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуіне жоғары баға беретіні атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу