Бейбіт Атамқұлов жаңа заң жобасын таныстырды

660

 Бейбіт Атамқұлов жаңа заң жобасын таныстырды

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Заң жобасы қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы саласындағы мемсаясатты жүйелі негізде жүргізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемреттеудің негізгі міндеттері бекітіледі. Екіншіден, құқық қолдану тәжірибесінде пайдаланылатын, алайда заңнамалық тұрғыдан бекітілмеген қорғаныс өнеркәсібі, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ұйымдары, әскери-техникалық ынтымақтастық, пайдаланылмайтын мүлік сияқты жаңа ұғымдарды айқындау ескерілген", - деп атап өтті қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов заң жобасын таныстыру кезінде.

Осы орайда ол қару-жарақ, әскери техника және қару-жарақ пен әскери техника айналымы деген ұғымдар біріздендірілгенін жеткізді.

"Әлеуетті ведомстволарды оларға тән емес функциялардан босату мақсатында министрлікке арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкіне және пайдаланбайтын қару-жарағы мен әскери техникасына иелік ету бойынша құқықты беру ұсынылады. Иелік ету құқығы көрсетілген мүлікті қорғаныс өнеркәсібі кешені ұйымдарына қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғыртуға, жаңа түрлерін әзірлеуге беруді ескереді. Ондай қажеттілік болмаған жағдайда, оны экспорттау және қорғаныс кешені өнеркәсібі ұйымдарында жөндеу мен жаңғырту, сондай-ақ қайта өңдеу немесе жою шартымен өткізуді қамтиды", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу