Бейбіт Атамқұловтың АҚШ-қа ресми сапары басталды

1064

2018 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2,3 млрд АҚШ долларын құраған. 

Бейбіт Атамқұловтың АҚШ-қа ресми сапары басталды

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жеке шақыруы бойынша Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың АҚШ-қа ресми сапары басталды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Айта кетерлік жайт, бұл Бейбіт Атамқұловтың АҚШ-қа ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы ретінде және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайланғаннан бері алғашқы сапары.

Өзінің екі күндік сапары аясында Бейбіт Атамқұлов АҚШ Президенті әкімшілігі, Мемлекеттік департамент басшылығымен, сондай-ақ іскер және сарапшылар топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде. Алдағы келіссөздер барысында Қазақстан-американдық кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады.

АҚШ Қазақстанның жетекші инвестициялық серіктестерінің бірі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 2,3 млрд АҚШ долларын құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік капитал салымдарының жалпы қоржынында тікелей америкалық инвестициялардың үлесі 22%-ға жетіп, 5,3 млрд АҚШ долларын құрады. Тәуелсіздік жылдары америкалық бизнес Қазақстан экономикасына шамамен 47 млрд АҚШ долларын құйды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда америкалық компаниялардың 160-қа жуық өкілдігі және Қазақстан-Америка бірлескен 350-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу