Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастады.
2009-2011 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.
20011-2013 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.
2013-2017 жж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.
2017-2020 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.
2020 жылғы қыркүйектен бастап – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.