Бейбіт шерулер өткізуге болатын тағы бір аймақ белгіленді

1071

Енді қала тұрғындары шаһар орталығында орналасқан Махатма Ганди атындағы саябақта жинала алады.  

Бейбіт шерулер өткізуге болатын тағы бір  аймақ белгіленді

Алматыда өткен мәслихат депуттарының кеңесінде бейбіт шеру  ұйымдастыруға рұқсат етілген орындар мақұлданды. Бұл жолы мұндай жиын өткізуге болатын тағы бір аймақ белгіленді. Осыған дейін қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді тек "Сарыарқа" кинотеатрының артында орналасқан саябаққа барып талқылай алса, енді олар шаһар орталығында орналасқан Махатма Ганди атындағы бақта да бейбір шеру ұйымдастыруға құқылы.

"Мәслихат депуттары шешім қабылдады. Келесі апта аталған аймақты толық таныстырамыз. Өйткені мұндай орындар керек. Адам саны мен уақыты шектелмеген. Ұйымдастырушылар қашан және қай жерде болатынын хабарлауы тиіс", – деді қоғамдық кеңес төрағасы Рахмен Алшанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу