Бейбіт Шүменов чемпиондық белбеуін Қазақстанда қорғауы мүмкін

1421

Сауданы қазақстандықтың промоутері ұтқан.

Бейбіт Шүменов чемпиондық белбеуін Қазақстанда қорғауы мүмкін

Алғашқы орта салмақта WBA "қарапайым" белбуінің иегері Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) чемпиондығын Қазақстанда қорғауы мүмкін, - деп BoxingScene сайтына сілтеме жасап vesti.kz хабарлайды.
Геннадий Головкиннің бапкері жаттықтыратын WBA "уаықтша" чемпионы франциялық Арсен Гуламирянмен (24-0, 16 КО) жекпе-жектің саудасын қазақстандықтың промоутері ұтып алды. 
Бұл жекпе-жекті өткізуге түрлі уақыт пен орын ұсынылып отыр: 15 сәуір Монте-Карло, Монако; 30 сәуір Астана және 13 мамыр Нью-Йорк.
Еске салайық, соңғы мерзім көрсетілген келісімшарттар WBA ұйымына 14 күн ішінде тапсырылуы тиіс.
BoxingScene мәліметінше, боксшыларға берілетін гонорар соммасы қазақстандықтың пайдасына 55-те 45 болады.
Осылайша, Шүменов белбеуін қорғауға 451 550 доллар, ал Гуламирян - 369 450 доллар алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу