Шүменов ісі: Салғырттық танытқан полицейлер қызметінен босатылды

459

Бірқатар тәртіп сақшылары жазаланды.

Шүменов ісі: Салғырттық танытқан полицейлер қызметінен босатылды Фото: beibutshumenov/Instagram

Боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысты елордалық полиция қызметкерлері қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша "Есіл" ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы атқаратын лауазымынан босатылды. Кезекші бөлімнің жедел кезекшісі және "Есіл" ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы "толық емес қызметтік сәйкестік" туралы ескертілді. "Есіл" ауданы ПБ бастығының орынбасары атқаратын лауазымынан босатылып, аудандық басқарма бастығына сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, 18 маусым күні елордадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде танымал спортшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Төбелестің бейнежазбасы желіге таралды. Осы жайттан кейін боксшыға "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Бұдан бөлек боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланғанын да жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу