Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылып қалды

238

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке жарияланған мемлекетаралық іздеу күшін жойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылып қалды Фото: sputnik.kz

Kazinform агенттігі істің мән-жайын Ішкі істер министрлігінен сұраған еді.

Бейбіт Шүменовке қатысты Астана қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.

"Қазіргі уақытта тергеу нәтижесі бойынша және жәбірленушілерден келіп түскен кешірім беру арызы негізінде Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс және қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен байланысты емес және онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса, сондай-ақ келген залалды өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2023 жылы шілдеде қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов көпшілік орында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу