Бейбіт Шүменовтің 29 сәуірдегі жекпе-жегі өтпейтін болды

642

Бейбіт Шүменовтің 29 сәуірдегі жекпе-жегі өтпейтін болды

Қазақстан кәсіпқой боксшысы Бейбіт Шүменов жаттығу кезінде жарақат алып, кубалық боксшы Юниер Дортикосқа қарсы өткізетін жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды vesti.kz.

Таяуда спортшыға Лас-Вегас қаласында жедел ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, ол тек 30-40 күннен кейін ғана жазылады. Ота жасалғаннан кейін оны ауруханадан шығарған, қазір ол үйінде ем алып жатыр.

"Құрметті жанкүйерлер! Сіздер сияқты, мен де 29 сәуірдегі жекпе-жегімді қатты күттім. Барымды салып дайындалдым. 390 раундтық спаррингтен өттім. Қарсыласымды нокаутпен ұтуға дайын болдым. Кезекті жаттығуымда ойламаған жерден көзімді жаралап алдым. Жаттығудағы қарсыласымның қолы көзімнің қарашығын сырып кетті. Дәрігерлер шұғыл операция жасамасақ, көру қабілетіңнен айырыласың деді. Операция жасаттым. Сәтті өтті. Енді 30 күн бойы ем қабылдауым керек. Сонымен жекпе-жегім кейінге қалып отыр. Амандығымды тілеп, уайымдап отырған жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Біз бірге жеңіске жетеміз!", – деп жазды Шүменов Instagram желісіндегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу