"Бізде бекітілген спорт әдебі бар. Сондықтан спортшылар, бапкерлер мен жаттықтырушылармен және жалпы ұлттық құрама мүшелерімен тұрақты жұмыс жүргізіледі. Идеологиялық жұмыстар атқарылып жатыр. Бейбіт Шүменов туралы оқиғаны естіп, көріп жатырмыз. Әрине, теріс әрекет, оның үстіне қоғамдық орында болғаны жаман. Мұндай әрекеттер, әрине, құптарлық емес", - деді Ербол Мырзабосынов елордада өткен Qazaq kuresi қауымдастығының жиынынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, жалпы алғанда қазақстандық спортшылар елге үлгі болуы тиіс, теріс әрекеттен аулақ болғандары дұрыс.
"Қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ол қатаң жазаға тартылады. Күні кеше министр мәселені көтерді, ол жазаланады", - деген еді Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев.