Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

1834

Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

"Қазақстан Барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qsport.kz.

2012, 2015 және 2016 жылы "Қазақстан Барысы" турнирінде топ жарып, үш мәрте "Барыс" атанған Бейбітті Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымына тағайындаған.

Айта кетейік, Бейбіт "Қазақстан Барысы" турнирінен бөлек, Әлем және Азия чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу