Бейбіт және қарусыз шеру өткізуге рұқсат беріледі

1376

Ел азаматтарының конституциялық құқығына тосқауыл қойылмайды.  

Бейбіт және қарусыз шеру өткізуге рұқсат беріледі

Ел аумағында бейбіт жиналыс ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі қандай болу керек деген мәселе мәжілістің жалпы отырысында талқыланды. 

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәлімдеуінше, палата депутаттарының назарына алынған "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасы азаматтардың бейбіт және қарусыз жиналуына, митинг, демонстрация, шеру, пикет өткізуіне рұқсат беруді көздейді. 

"Бұл заң ел азаматтарының конституциялық құқығына тосқауыл қоймау мәселесін қарастырады және бейбіт мақсатта жиын өткізетін орындарды белгілеуді көздейді", – деді Нұрлан Әбдіров.

Комитет төрағасының сөзінше, құжат қоғамдық-саяси тұрақтылыққа темірқазық болады. 

"Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 27 қарашаға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын", – деді Нұрлан Әбдіров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу