Бейбіт жиналысқа бетін бүркемелеп қатысатындарға қарсы шара қолданылмайды

615

Алты бап бойынша 16 ұсыныс енгізілді.

Бейбіт жиналысқа бетін бүркемелеп қатысатындарға қарсы шара қолданылмайды  Фото: Мария Матвиенко

Сенаттың жалпы отырысында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов осылай деді. 
Оның айтуынша, түзету енгізіліп, мәжіліске жіберілген "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасында болған тыйым салу тармақтары қайта қаралған.

"Ұсыныстардың бiр тобы заң жобасының 5-бабы 2-тармағындағы бейбiт жиналысты ұйымдастырушының мiндетi мен осы баптың 3-тармағындағы бейбiт жиналыс өткiзу кезiнде тыйым салу негiздерiн қамтитын, сонымен бірге 6-баптың 3-тармағындағы бейбiт жиналысқа қатысушының әрекетiне тыйым салу туралы тармақтарға қатысты болды. Алты бап бойынша 16 ұсынысты орынды деп санап, оларды салыстырмалы кестеге енгiзiп, сiздердiң назарларыңызға ұсынып отырмыз", – деді әріптестеріне сенатор. 

Ол заң жобасында ұйымдастырушы бейбiт жиналыс өткiзу кезiнде бейбiт жиналысқа қатысушылардан бетiн бүркемеудi, яғни бет әлпетiн тануға кедергi келтiретiн киiм кимеуді талап етуге тиіс болғанына тоқталды. 

"Бұл нормаларды алып тастау ұсынылды. Себебі кей жағдайда бейбiт жиналысқа қатысушылардың денсаулығын сақтауға байланысты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану қажеттілігі туындауы мүмкін. Осындай негiзбен заң жобасындағы бейбiт жиналысқа қатысушының денсаулығын сақтауға бағытталған жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн толықтыру ұсынылды", – деді Сәрсенбай Еңсегенов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу