Бейбіт жиналысқа қатысты тұлғалардың құқықтары мен міндеттері нақтыланды

1263

Ұйымдастырушылар мен журналистер үшін ерекше белгілер қабылданады. 

Бейбіт жиналысқа қатысты тұлғалардың құқықтары мен міндеттері нақтыланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев заңнамаға зорлық-зомбылықсыз сипат, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ет, 
қатысу еріктілігі сынды бейбіт жиналыстардың базалық қағидаттары енгізілгенін айтты. 

"Қазіргі қолданыстағы заңның кемшілігінің бірі – бейбіт жиналыс нысандары нақты регламенттелмеген. Осыған байланысты заң жобасында түсінік аппаратын енгізу ұсынылады. Бұл митинг, пикет, жиналыс, демонстрация, шеру сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және оларды өзара ажыратуға мүмкіндік береді", – деді министр. 

Дәурен Абаевтың айтуынша, заң жобасында бейбіт жиналыстарға қатыса алатын және оларды ұйымдастыратын тұлғаларға қойылатын талаптар айқындалған. Бұған қоса ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланған. 

"Бейбіт жиналыс өткізуге ыңғайлы болуы үшін ұйымдастырушылар мен журналистерге арналған ерекше белгілер қабылданады. Заң жобасында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардың құзыреті көзделген", – деді ол. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу