Бейбіт жиналыстар туралы заңның осал тұсы қолданыс кезінде анықталмақ

769

Бейбіт жиналыстар туралы заң нормаларын қолдану дағдысы оның кемшін тұстары мен артықшылықтарын, сонымен қатар осал жерлерін қалай жетілдіруге болатынын көрсетеді.

Бейбіт жиналыстар туралы заңның осал тұсы қолданыс кезінде анықталмақ

Бейбіт жиналыстар туралы заң нормаларын қолдану дағдысы оның кемшін тұстарын көрсетеді. Сондай-ақ қандай артықшылықтары бар екені де белгілі болады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин осылай деді. 

"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу құқығы азаматтар мен ұйымдарға берілетіні сөзсіз. Әрқайсысының пікірі маңызды. Дегенмен біз бейбіт шеру туралы заң қазіргі өмір, құқық қолдану тәжірибесі, саяси мәдениет, дәстүрлер мен саяси сана-сезімнен ажырмауы керек екенін түсінуіміз қажет", – деді вице-министр.

"Кез келген заң тірі ағза іспеттес. Ешнәрсе бір орында тұрмайды, әрқашан даму процесі жүреді. Бейбіт жиналыстар туралы заң нормаларын қолдану дағдысы оның кемшін тұстары мен артықшылықтарын, сонымен қатар осал жерлерін қалай жетілдіруге болатынын көрсетеді", – деді Есин.

Сондай-ақ министрлік осы заңды шығарған жұмыс топтарының қатысушыларына, Парламент депутаттарына, азаматтық қоғам өкілдеріне, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне, құқық қорғау ұйымдарының өкілдеріне алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 25 мамырында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы заңға қол қойған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу