Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

239

Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты Фото: ktf.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Бейбіт 187-ден 186-ға көтерілді. деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыда.

Жұптық сында Анна Данилина – 56, Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу