Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

250

Ол әлемнің үздік 200 теннисшісінің қатарына енді.

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды Фото: ktf.kz

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлемнің 247-ракеткасы Жукаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық, 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді – 6:3.

Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, алға кетті – 4:2. Допты қатты беретін Б.

Бейбіт ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Жукаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу