Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос турнирінің екінші айналымына шыға алмады

293

Ол әлемнің 113-ракеткасы, белоруссиялық Илья Ивашкамен шеберлік байқасты.

Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос турнирінің екінші айналымына шыға алмады Фото: bassport.kz

Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Іріктеу сайыстарынан сәтті өткен Ақтау теннис мектебінің түлегі алғашқы айналымда әлемнің 113-ракеткасы, белоруссиялық Илья Ивашкамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде Ивашка есе қайырды - 6:3.

Матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, жеңіс Ивашканың уысында кетті - 7:6 (7:5).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу