Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың екінші айналымына өтті

300

Бейбіт бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екінші сетте де есесін жіберген жоқ – 6:4.

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың екінші айналымына өтті Фото: ҚТФ

Қазақстандық, әлемнің 189-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Акапулько (Мексика) челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 343-орында тұрған швейцариялық Антуан Бельемен бетпе-бет келді.

Бейбіт бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екінші сетте де есесін жіберген жоқ – 6:4.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында ол 9 эйс жасап, 2 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. А.Белье 2 эйспен ғана шектелді.

Бейбіт Жұқаева ширек финалға шығу үшін рейтингіде 252-сатыдағы аустралиялық Тристан Скулкейтпен шеберлік таластырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу