Қазақстандық теннисші, әлемнің 270-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Салинас (Эквадор) челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жұқаев алдымен рейтингте 409-орында тұрған бразилиялық Педро Боскардин Диастың меселін қайырды – 6:3, 6:4. Бейбіт екінші айналымда рейтингте 340-сатыдағы аустралиялық Филипп Секуличті тізе бүктірді – 7:6 (7:3), 6:3.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 222-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу