2017 жылғы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы Ядролық қаруға тыйым салу бойынша халықаралық кампанияға (ICAN) берілді. Бұл туралы жұма күні Ослода Норвегия Нобель комитетінің төрағасы Берит Райсс-Андерсен мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
"Нобель сыйлығы ядролық қаруды кез келген жағдайда қолдану әкеліп соғатын гуманитарлық апаттың салдарына назар аудартқаны және ядролық қаруды қолдануға тыйым салу туралы келісімнің қабылдануына бар күш-жігерлерін салғаны үшін және үшін берілді", - деді ол.
Андерсеннің айтуынша, комитет ICAN-ға сыйлықтың берілуі "адамзатқа және Жердегі өмірге қауіп төндіретін" ядролық қаруға тыйым салуға бағытталған халықаралық күш-жігерді жандандыруға көмектеседі деп үміттенуде. ICAN - ядролық қаруға тыйым салуды қолдайтын 100-ден астам мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы.
Биыл сыйлыққа 318 үміткер, соның ішінде 103 ұйым ұсынылды. Ал, 2016 жылы әлем Нобель сыйлығының лауреаты Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос атанды.