Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

1216

Бейбітшілік саласындағы 2022 жылғы Нобель сыйлығы Беларусь құқық қорғаушы Алес Беляцкийге, Ресейдің "Мемориал" құқық қорғау ұйымына және Украинаның "Азаматтық еркіндік орталығы" құқық қорғау ұйымына берілді.

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Бұл туралы Швеция академиясының Нобель комитеті Twitter-де мәлім етті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Биыл Нобель сыйлығының жалғыз жеке иегері беларусьтық құқық қорғаушы, "Вясна" құқық қорғау орталығының төрағасы, "Ар-ұждан тұтқыны" Алес Беляцкий болды. Сонымен қатар 2022 жылғы бейбітшілік сыйлығын екі құқық қорғау ұйымы бөлісті. Олар Ресейдің "Мемориал" орталығы және Украинаның азаматтық бостандықтар орталығы.

Бейбітшілік сыйлығы Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, "үлкен жетістікке жеткен немесе халықтарды біріктіруде және армиялар санын азайтуда, сондай-ақ бейбітшілік конгрестерін өткізуде және оларға назар аударуда басқаларға қарағанда көбірек қызмет еткен адамға" беріледі.

Биыл лауреат өзінің жеке бейнесі бар медаль, диплом және 10 миллион швед кроны көлемінде ақшалай сыйақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу